Күршім ауданының оқушылары ағылшын тілін білумен таң қалдырды

Күршім ауданының оқушылары ағылшын тілін білумен таң қалдырды

Ауданда коворкинг орталығы жұмыс істейді, онда кез-келген адам, мейлі ол мектеп оқушысы болсын, ересек болсын, іс-шараларға қатыса алады, сүйікті кітабын оқи алады немесе тіл үйренуді бастайды. Орталық қажетті техникамен жабдықталған, Интернетке еркін қол жеткізумен қамтамасыз етілген. Күршім ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев коворкинг-орталыққа барып, балалармен әңгімелесті. Балалар аймақ басшысына өздерінің мақсаттары мен армандары туралы, болашақ мамандықты таңдау туралы айтып, ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетті. Ермек Көшербаев дәл осындай білімді және мақсатты жастардың еліміздің болашағы екенін, ал тілдерді білу олардың әрқайсысының алдында үлкен көкжиек ашатынын атап өтті.