Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның 2023 жылғы жұмысының қорытындысы туралы

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын  қорғау жөніндегі Комиссияның 2023 жылғы  жұмысының қорытындысы туралы

2023 жылғы 06 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның  кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталықтарында тәрбиеленетін балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету туралы мәселесі қаралды. Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың 2023 жылғы жұмысының қорытындысы жасалды.

Отырысқа Шығыс Қазақстан облысының прокуроры, ішкі істер, төтенеше жағдайлар департаменттері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойнша жұмысты күшейту тапсырылды.