2023 жылғы 24 қарашада мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері үшін террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруды жетілдіру шеңберінде сабақ өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімі, полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, жарылыс-техникалық бөлімшесі, Дін проблемаларын зерттеу орталығы және облыстың терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бөлімі өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Сабақ барысында келесі тақырыптар талқыланды:
- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және оларды анықтаудағы әрекеттер алгоритмі;
- террористік әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау мүмкіндігі;
- деструктивтілік элементтері бар діни ағымдардың белгілері;
- ҚЖҚ пайдалана отырып, диверсиялық-террористік шабуылдар жасау кезіндегі террорист әрекеттерінің тактикалық моделі;
- террористік сипаттағы қауіптердің салдарын азайту және жою мақсатында кезекші қызметтерді хабарлау схемасы.
Іс-шара соңында қызмет атқару кезінде объектілерді терроризмге қарсы қорғауды одан әрі тиімді ұйымдастыру үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/media/details/41876?lang=kk