
«Сокол» стадионы күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет етеді. Қазіргі уақытта тек шаңғы базасы жұмыс істейді, стадионның басым бөлігі тозып, қараусыз қалған. Футбол алаңының, жүгіру жолдарының және спорт түрлеріне арналған орындардың жабындары ескіріп, қолдануға жарамсыз күйде. Сумен жабдықтау, кәріз жүйелері жұмыс істемейді, дәретханалар мен жуынатын бөлмелерде жарық жоқ.
Осы объектіні шұғыл күрделі жөндеу қажеттілігіне байланысты қайта құру жобасы әзірленді.
Қазіргі кезеңде тек шаңғы базасы ғана жұмыс істейді, стадионның басым бөлігі тозған және тастанды. Футбол алаңының, жүгіру жолдарының және спорт түрлеріне арналған орындардың жабыны ескірген және пайдалануға жарамсыз. Сумен жабдықтау жұмыс істемейді, дәретханалар мен себезгі бөлмелерінде жарық жоқ, кәріз жұмыс істемейді.
«Сокол» стадионын қайта құру қаланың балалары мен ересек тұрғындары арасында денешынықтыру және спортпен шұғылданатындардың санын арттыруға, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.
ШҚО әкімі «Олимпиец» спорт клубында болды. Клуб 6-15 жас аралығындағы балалардың спортпен шұғылдануына арналған. Мұнда талантты спортшыларды даярлап, оларға қолдау көрсетеді.
«Матренин Соколок» шоқысындағы спорт клубы үшін ұзындығы 3 шақырымды құрайтын шаңғымен сырғанау жолы салынды, сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілуімен жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, құрылысқа бюджеттік өтінім берілгенге дейін құжаттамалық сүйемелдеу қамтамасыз етілді.
Өңір басшысы жоғарыда аталған нысандарды қалпына келтіру және жөндеу жоспарларын қолдады. Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалатын артық шығындарды алып тастап, ЖСҚ қайта қарауды тапсырды.
Қала спорттық жетістіктерімен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Бұл жерден Қазақстан Республикасының намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген жоғары дәрежелі спортшылар шықты.