
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Ел тарихында алғаш рет карантин жағдайында онлайн форматта соңғы қоңырау мерекесін өткізіп отырмыз.
Биыл облысымыздың 8204 оқушы өмірінің жаңа кезеңіне аяқ басқалы отыр. Оның ішінде 746 "Алтын белгі", 447 үздік аттестат иегерлері бар.
Біз, сондай-ақ халықаралық, республикалық зияткерлік турнирлердің жүлдегерлері, ғылыми конкурстардың жеңімпаздары, дарынды музыканттар мен суретшілер атанған түлектерімізді зор мақтанышпен шығарып саламыз.
Бүгіннің өзінде ШҚО ең талантты оқушылары еліміздің және әлемнің беделді оқу орындарынан шақырту алды.
Ерекше алғысымды ұстаздар мен ата-аналарға білдіремін! Ешкімге оңай тимеген осы кезеңде балаларымызға көрсеткен қолдауымыз, танытқан түсіністігіміз, білдірген сеніміміз олардың жігер-қайратын мықтап, болашағының берік іргетасын қалайды. Сіздердің үздіксіз еңбектеріңіздің арқасында біз қашықтықтан оқыту жағдайында 4 тоқсанды лайықты деңгейде аяқтадық.
Оқу жылының аяқталуымен тағы бір мәрте құттықтаймын. Зор денсаулық, мол бақыт және сәттілік тілеймін!