«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» атты семинар

«Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» атты семинар

2023 жылдың 24 қарашада 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында ZOOM платформасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері туралы» атты семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңында белгіленген талаптарды түсіндіру. Шарада  ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметтер саласындағы бақылау басқармасының басшысы Эльнар Тұрсынқановтың ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде демалыс және соған байланысты тиісті төлемдер беру туралы, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, іссапар шығындарын төлеу туралы баяндамасы ұсынылды.