Қадірменді жерлестер!

Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Ораза айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мейірімділік пен ізеттіліктің, қайырымдылық пен бірліктің белгісі болған Ораза айт ұлттар мен ұлыстардың ынтымағына жол ашып, қоғамдағы татулықты нығайтады.
Мерейлі мерекеге орай, әр отбасына зор денсаулық, мол бақыт, игілік, бақ-береке тілеймін! Ораза айт қабыл болсын!