
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Облыста барлығы 356 ауылдық елді мекен бар, оларда 244,3 мың адам немесе облыс халқының жалпы санының 33,6% (727,9 мың адам) тұрады.
2019 жылдан бастап тірек және спутниктік ауылдарда әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша «Ауыл - ел бесігі» жобасы 57 тірек және 132 спутниктік ауылдарда іске асырылуда.
Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 8,4 млрд теңгені құрайтын 76 жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде 53 жоба аяқталды. Қасым Қайсенов кентінде кәріз желілері салынды, 7 денсаулық сақтау нысаны, Күршім ауданы Қаратоғай ауылындағы мектеп, Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылындағы клуб күрделі жөндеуден өтті. Жол инфрақұрылымын жөндеу бойынша 25 жоба және көшелерді жарықтандыру бойынша 18 жоба іске асырылды. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында барлығы 256 жұмыс орны ашылды.
3 ауданда жұмыстар толығымен аяқталып, қаражат игерілді:
1) Глубокое ауданы - 8 жоба, Күршім ауданы - 3 жоба, Шемонаиха ауданы - 6 жоба.
Келесі жылға ауыспалы жобалар бар. Қысқы кезеңнің басталуына байланысты игерілмеу тәуекелдері бар. «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру аудан әкімдері мен басқарма басшыларының жеке бақылауында болуы тиіс», - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.