
1966 жылғы әйел адам алгоритмге сәйкес, COVID-19 расталған 1963 жылғы адаммен жақын қарым-қатынаста болған азаматтар тобына кіргендіктен кезекті
ПТР тестілеуден өткен.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын растады.
Қазіргі таңда науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті ем алуда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Осы уақыт бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 60 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны - 44.