Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бір топ қызметкерлер мен ардагерлерді кәсіби мерекелері – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бір топ қызметкерлер мен ардагерлерді кәсіби мерекелері – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

«Еңбек ардагері» медалі Самар ауданының «Нұр» шаруа қожалығының басшысы Заманбек Нұрпейісовке табысталды.
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалімен «Сұлтан» шаруа қожалығының басшысы Марат Чупенов (Күршім ауданы), «Жетіарал-Даму» шаруа қожалығының басшысы Сымбат Жапаров (Тарбағатай ауданы), «Украинка» шаруа қожалығының басшысы Сейілжан Сайлаубаев (Ұлан аудан), «Жомарт» шаруа қожалығының басқарушысы Бауыржан Қамшыбаев (Зайсан ауданы) марапатталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен «Ақжол» шаруа қожалығының басқарушысы Орал Қазымбаев (Катонқарағай ауданы), «Мирас» шаруа қожалығының басшысы Рауан Амантаев (Тарбағатай ауданы), «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылығы және техникалық инспекция секторының меңгерушісі Гүлнара Сейітқамзина, «Березовское» шаруа қожалығының жүргізушісі Александр Селиванов (Глубокое ауданы) марапатталды.
Сонымен қатар бірқатар жұмысшылар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.