
Ермек Сұлтамбекұлы тазартылған су мен алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу мәселесіне назар аударды.
Бұл жоба «Өркен КШТ» индустриялық аймағының аумағында іске асырылуы мүмкін. Өскемен қаласының құрылыс бөлімі индустриялық аймақтың ЖСҚ түзету бойынша бюджеттік өтінімді әзірлейді, онда болашақта басқа кәсіпкерлер де өз жобаларын іске асыра алады.
«Олимпиец» спорт клубының директоры Михаил Ковалев Риддер орталық саябағында салынатын екі шаңғы-роллер трассасы құрылысының жобасымен таныстырды. Бұл жобаның артықшылығы - ол кәсіби спортшыларға емес, барлық қала тұрғындары мен қонақтарына арналған және бұқаралық спортқа бағдарланған. Уақтылы қаржыландырылған жағдайда ұзындығы 1,2 шақырым болатын трассаны 3 ай ішінде салуға болады. Бұл мәселе өңір басшысының Риддерге сапары барысында жан-жақты зерделенетін болады.
Шемонаиха қаласынан келген Ирина Колесникова «Целиакия» ауруы бойынша арнайы тамақтануға бюджет қаражатын бөлу мәселесін көтерді. Мемлекеттік сатып алу конкурстары мерзімінен кеш өткізілетіндіктен мұқтаж адамдар аталған тамақты уақтылы алмайтыны анықталды.
Ермек Көшербаев бір апта ішінде осы мәселе бойынша барлық аудандардың қатысуымен арнайы кеңес өткізуді, облыс бойынша жалпы қажеттіліктерді, қаржыландыру көздерін білуді және мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы өткізу кестесін әзірлеуді тапсырды.
Ермек Көшербаев сондай-ақ кейбір препараттарды басқаларымен алмастыруға жол бермеу керектігін ескертті.
Жеке қабылдауда Өскемен қаласының 21 шағын ауданында дау тудырған балабақша салу мәселесі көтерілді. Тұрғындардың бір бөлігі аталған мекеменің жақын маңға салынуына наразы болса, көпшілігі балабақшалардың жетіспеушілігі туралы айтып отыр. Мәселені сот органдары шешетін болады.
«ШҚ мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің өкілдері балалар тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, мәдениетті дамыту мәселелерін көтерді. Қызу пікір алмасу болды. Аға буын өкілдерімен осындай форматтағы кездесуді тоқсанына кемінде бір рет өткізу жайында келісті.
Жастар театрының басшысы Абай Дәулетұлы облыс орталығында киностудия ашу, жергілікті білім беру мекемелерінде болашақ актерлерді оқыту жөнінде қызықты жобалар ұсынды.
Облыс әкімінің қатысуымен мәдениет және өнер саласындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша жеке кездесу ағымдағы жылдың соңына жоспарланды.