
Депутаттар 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізуді қолдады.
Облыстық бюджет параметрлерін нақтылау үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бюджет қаражатын мынадай басым бағыттарға қайта бөлу жолымен өңірдің өзекті мәселелерін шешу қажеттілігі негіз болды, оның ішінде:
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бойынша мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:
- міндетті гигиеналық құралдарды (жөргектер) сатып алуға - 55,2 млн теңге;
- арнаулы жүріп-тұру құралдарын (кресло-арбаларды) сатып алуға - 4,9 млн теңге;
Білім басқармасы бойынша:
- қосымша топтардың ашылуына байланысты қосымша білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне еңбекақы қоры үшін - 35,0 млн теңге;
- Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі жаңа орта мектепті ұстауға - 60,0 млн теңге;
- мектептер үшін жағар май сатып алуға (жанар майдың бағасының өсуіне байланысты) - 53,0 млн теңге;
Денешынықтыру және спорт басқармасы бойынша:
- халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлағаны үшін жаттықтырушыларға үстемеақы төлеуге - 26,0 млн теңге;
- жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын облыс спортшыларына ай сайынғы ақшалай қаражатты төлеуге - 21,5 млн теңге;
Ауыл шаруашылығы басқармасы бойынша:
- ауыл шаруашылығы жануарларын вакцинациялау құнының өсуіне байланысты эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге, - 63,8 млн теңге;
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша:
- азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыруға - 200,0 млн теңге;
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша:
- Өскемен қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялауға - 250,0 млн теңге;
- әлеуметтік маңызы бар автобустық ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға - 217,4 млн теңге;
Құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша:
- Өскемендегі енгізілген көпқабатты тұрғын үйлер құрылысын қоса қаржыландыруға - 500,0 млн теңге;
- алдағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алу үшін энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын субсидиялауға (жаңа тарифтік сметалардың бекітілуіне байланысты) - 334,8 млн теңге;
- Өскемен қаласының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын субсидиялауға - 402,9 млн теңге;
- Өскемен қаласының көше жарықтандыру жүйесін жаңғыртуға арналған кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді өтеуге - 150,0 млн теңге;
- Өскемен қаласының жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын қоса қаржыландыруға - 41,4 млн теңге.
2023-2025 жылдарға арналған бюджет мынадай көлемде бекітілді:
1) кірістер - 399 099 881,0 мың теңге.
2) шығындар - 393 900 687,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 12 910 548,2 мың теңге.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 6 529 078,5 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -14 390 433,1 мың теңге.
Сондай-ақ депутаттардың шешімімен жуықта № 13 бірмандатты сайлау округі бойынша сайланған «СМУ-Шығыс» ЖШС бас директоры (Зайсан қаласы) Дарын Әбжанов агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамында да өзгерістер бар. Комиссияның жаңа мүшесі болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Серік Мизанбеков сайланды.