Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ресейдің Свердлов облысы Заң шығарушы жиналысы төрағасының орынбасары Арман Карапетянмен кездесті. Бұл - оның Өскеменге алғашқы сапары.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ресейдің Свердлов облысы Заң шығарушы жиналысы төрағасының орынбасары Арман Карапетянмен кездесті. Бұл - оның Өскеменге алғашқы сапары.

Облыс басшысы ШҚО-ның экономикалық дамуы туралы айтып берді. Атап айтқанда, мұнда республикадағы өнеркәсіптік орманның 58% және Қазақстанның гидроэнергетикалық ресурстарының басым бөлігі шоғырланған.
Казцинк қорғасын, мырыш, алтын және күміс өндіретін ірі өндіруші болып табылады.
ТМК өнімі есебінен қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы үлесі шамамен 16%-ды құрайды.
Үлбі металлургия зауыты - ТМД елдеріндегі тантал өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Облыс - өсімдік майын, бал және марал пантысын өндіру бойынша көшбасшы, ал балық етін өндіру бойынша ел өңірлері арасында екінші орын алады.
«Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес және Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда 5,5%-ға өсіп, $15,2 млрд құрады. Біздің облысымызда елдеріміз арасындағы тауар айналымының одан әрі өсуіне ықпал ету үшін барлық қажетті нәрсе бар», - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Ресейдің Свердлов облысы Заң шығарушы жиналысы төрағасының орынбасарымен бірге кездесуге Германияның әлеуетті инвесторы Евгений Суперфин де қатысты.
Кездесу барысында олар Шығыс Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктеріне, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, кен орындарын игеру мәселелеріне қызығушылық танытты.
Ертеңгі күнге Армен Карапетянның облыстық мәслихат депутаттарымен және армян диаспорасы өкілдерімен кездесуі жоспарланған.