Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресейдің жетекші селекционерлерін ынтымақтастыққа шақырды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресейдің жетекші селекционерлерін ынтымақтастыққа шақырды.

Қазақстан үшін ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселе жеке тұқым өсіру базасын құру болып табылады.

Шығыс Қазақстанда күнбағыс пен сояның бірегей сорттары мен будандарын өндірумен Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы айналысады.

Аймақ басшысы біздің өңірде де, Ресей Федерациясында да бірлескен селекция сорттары мен будандарын бір мезгілде сынақтан өткізу перспективаларын атап өтті. Бұл оларды өндіріске жедел енгізуге және отандық тұқым шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

«Табиғи және адами әлеуетке ие бола отырып, өңір шикізатты өңдеуде жаңа технологияларды қолдану және экологиялық таза өнім экспортын ұлғайту мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі. Ауыл шаруашылығына озық цифрлық технологияларды енгізу өндірістік процестерді оңтайландыруға, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығына IT мамандары әзірлеген «шағын, бірақ ақылды» озық цифрлық шешімдерді енгізу бойынша бірлескен бағдарлама құруды ұсынды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастыққа серпін болады және агротехнология саласындағы қарқынды өзара іс-қимылдың іргетасы болады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, жақын арада АӨК бойынша 231 млрд теңгенің 37 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады, ал ағымдағы жылы оның 36 млрд теңгені құрайтын 9 жобасы іске асырылатын болады.

Ірі жобалардың қатарында - құрама жем зауыты, селекциялық-генетикалық алаңы және тауарлы фермалары бар тік интеграцияланған ет өңдеу кешенін салу. Өнімді экспортқа өткізу 40 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр және Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бағдарланған. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 120 млн дана жұмыртқа болатын жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын салу жоспарлануда.

Ермек Көшербаев әлеуетті инвесторларға Шығыс Қазақстан облысы аумағында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш білдірді.