Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» компаниясының өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарының жұмысымен танысты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» компаниясының өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарының жұмысымен танысты.

Дрондар мен робот-іздеушілерді қолдану тәжірибесі әлемде кеңінен таралған. Аппараттар өрт ошақтарын анықтауда, адамдарды іздеуде және өзендер мен қала маңындағы жолдарды зерттеуде өзін жақсы көрсете білді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану төтенше жағдайдың ауқымын жедел бағалауға және болып жатқан жағдайда жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Компания осындай техниканың әртүрлі үлгілерін көрсетті. Өңір басшысы дрондардың мүмкіндіктері мен техникалық сипаттамаларын ескере отырып, оларды іріктеуде нақты шешім қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Жақын арада жауапты мамандар барлық ТЖ қызметтері мен Полиция департаментінің неғұрлым үйлестірілген жұмысы үшін қандай дрондар қажет екендігі туралы өз ұсыныстарын жолдауы керек.