
COVID-19 вирусы Ресей Федерациясынан келген 2001 жылғы студент қызда расталды.
«Ауыл» шекара бекетіндегі санитарлық-карантиндік бөлімде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометриядан өткізген. Сауалнама жүргізу барысында денсаулыққа шағымдары болмаған.
Алгоритмге сәйкес, экспресс-тестілеуден де өткен, нәтижесі - теріс. Мамандар 14 күн үй карантинінде болу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Семей қаласына келген соң тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауына алынды. Медицина қызметкерлері денсаулық жағдайын бағалау үшін ПТР әдісімен қайтадан тексеру үшін биологиялық материалдарды сынамаға алады. ПТР зертханалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусының барын анықтаған.
Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті ем алуда. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 59 адам тіркелді.