
Шағын және орта бизнестің 40-тан астам түрлі кәсіпорындары өз өнімдерін сөрелерге қойды.
Қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтары үшін төмен бағамен сапалы өнімдерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылған: 4 мың килограмнан астам жылқы еті, сиыр еті, қой еті және шошқа еті, 400 килограмнан астам құс еті, 500 килограмм шұжық өнімдері, 550 килограмм түрлі сүт өнімдері сатылады.
Ұсынылған тауарлардың ішінде күнбағыс майы, бал, көкөністер мен жемістер, жарма, маринадталған қияр, нан өнімдері мен жабайы жидектер бар.
Аудан экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі 25% құрайды.
Облыс әкімі фермерлермен бейресми әңгіме барысында шемонаихалықтардың өндірілетін өнімінің жоғары сапасын атап өтті.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев қалаға табиғи ауылшаруашылық өнімдерін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізудің өзектілігін атап өте келе, өз өнімдерін саудаға шығаруға арнайы орындардың бар екенін, бұл тұрғыда қалалықтар әрқашан ауыл тұрғындарын қолдайтынын атап өтті.
Бүгінде фермерлер өз өнімдерін қайта өңдеуге көбірек көңіл бөлуде. Етті қайта өңдеу цехтары ашылып, кондитерлік дүкендер мен наубайханалар нан-тоқаш өнімдері мен торттардың оннан астам түрін дайындауда. Өнімдерінің алуан түрлілігі үшін қалада әрдайым сатып алушылар табылатыны айдан анық.