
Ақпараттық орталықтың баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов биылғы жылы жалпы пайдаланымдағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін қысқы күтіп ұстау үшін 858 қар тазалаушы техника құрылғанын айтты.
Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін «КАЖсервис» Шығыс Қазақстан облысы филиалының теңгерімінде 82 қар тазалаушы техника бар. Шұғыл қажет жағдайға қосымша 19 бірлік арнайы техникаға тартылатын болады. «Қалбатау –Майқапшагай» және «Қалбатау – Өскемен» арасындағы қайта жаңарту учаскелерінде 29 бірлік қар тазалаушы техника қызмет етеді.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді-мекендердің көшелеріне қызмет көрсету үшін 574 бірлік қар тазалағыш техника жасақталды, соның ішінде негізгісі 471, ал қосымша келісім шарттары бойынша 123 техника.
Сонымен қатар, климаты күрделі жерлерде төрт жол пайдалану пункттері орналасқан (Тарғын а., Марқакөл а., Егіндібұлақ а., Шемонаиха қ.), төрт жылыту пункттері бар (Ұмыш асуында, Тарғын, Егіндібұлақ, Ұрынхай ауылдарында).
Әрбір құрылым білікті қызметкерлермен, жарамды техникамен, өндірістік ғимараттар және жылы бокстар, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қысқы жағдайда жұмыс істеуге бейімделген. Жол пайдалану пункттері (ДЭП) жанар-жағар май, көмір, су құбыры, жолшыларға жатын орын және 3 тәулікке жететін азық-түлік пен қамтылған.
Қазіргі уақытта келесі жұмыстар атқарылу үстінде:
- 2 мың тонна көктайғаққа қарсы материалдарды дайындалды және қауіпті учаскелерге соның ішінде серпантиндер, еңістер, өрлер, тұрақтарға тасымалдау жұмыстары атқарылуда, жұмыс қыс бойы атқарылады.
- 50 тн көлемінде техникалық тұз сатып алынды,
- 130 дана уақытша жол белгілерін сатып алынды, орнату жұмыстары үстінде
- 3 мың дана сигналдық белгілерін жол бойына орнатты, жоспар 4 мың;
- 720 тн көмір сатып алынды, қаражаты төленді, 300 тонна тасылды;
- 1634 дана су өткізгіш құбырлар мен көпірлердегі судың келу жолдарын тазалау жұмыстары атқарылуда (102 көпір, 1532 су өткізгіш құбыр бар).
Ағымдағы жылдың 1 қарашадан бастап облыстағы жолдардың жай-күйі, оған шыққан техниканың саны, штаттан тыс жағдайда атқарған жедел әрекеттері туралы ақпаратты жинау бойынша операторлардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылады.
Облыс жолдарында үздіксіз қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда.
Жол қызметінің телефондары:
- төтенше жағдай департаментінің диспетчері – 112, 8(7232) 57-00-29, 57-00-35,
- республикалық маңызы бар жолдағы «КажСервис» ЖШС - 8(7232) 26-28-08, 8-777-535-89-08
- облыстық маңызы бар жолдағы «ОблШығысЖол» ЖШС - 8(7232) 57-42-52, 8-705-798-05-99,
- жергілікті полиция қызметінің кезекшісі 8(7232) 77-60-05, 77-70-81