2023 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасындағы Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

2023 жылғы 02 қарашада Қазақстан Республикасындағы Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді

2023 жылғы 02 қарашада сағат 10-00-де онлайн режимде (ZOOM) «ҚР ЕХӘҚМ Республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ШҚО филиалымен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын (әрі қарай - Тұжырымдама) түсіндіру бойынша семинар өткізілді, оған мемлекеттік мекемелердің, салалық кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіпорын басшылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің басшылары мен мамандары қатысты.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қ. Қизатов кіріспе сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды облыстағы өндірістік жарақаттанудың  жағдайы және оны төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, «ҚР ЕХӘҚМ Республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ШҚО филиалының директоры Т.Т. Немеренов Тұжырымдаманың негізгі бағыттары (кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жұмыс орнын саралау, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша ЖҚҚ таңдау, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша сақтандыру тарифтері, кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәуекелдерді басқару), тұжырымдаманың іс-шараларын іске асырудың мақсаттары мен мерзімдері туралы баяндама жасады.

Бұл Тұжырымдаманы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірледі. Тұжырымдаманы бекіту 2023 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.