
2023 жылдың 31 қазанында 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Кәсіподаққа кірудің артықшылықтары туралы» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: кәсіптік одақтар туралы заңнаманың талаптарын түсіндіру. Шарада «ШҚО бойынша мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық қызмет көрсету жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасымен кәсіптік одақтардың құрылымы мен мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің кепілдіктері туралы баяндама жасалды. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.