Қазан айының соңғы жексембісінде еліміздің әлеуметтік қорғау қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

Қазан айының соңғы жексембісінде еліміздің әлеуметтік қорғау қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді

Қазан айының соңғы жексембісінде еліміздің әлеуметтік қорғау қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді.

Өскеменнің «Ертіс концерт» залында бүгін өткен салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысып, жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.

«Облыстың әлеуметтік қорғау саласында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 744-і әлеуметтік қызметкер.

Олардың басты миссиясы – адамдарға жақсылық істеу. Әлеуметтік қызметкерлер облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарға көмек көрсету жолында аянбай еңбек етіп келеді», - деді облыс әкімі.

Тәуелсіздік жылдары елімізде халықты әлеуметтік қорғаудың көпдеңгейлі моделі құрылды, жұмыстың жаңа нысандары мен әдістері енгізілді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі қабылданды, ол азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірыңғай құқықтық базаға айналды және әлеуметтік қызметтің мәртебесін арттырды. 

Бүгінде өңірде атаулы көмектен, көп балалы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдаудан бастап, жастарды бизнес - жобалар мен стартаптарға кредиттеуге дейінгі ондаған әлеуметтік бағдарламалар жұмыс істейді. 

Тек ағымдағы жылы 323 млн. теңгеге 234 грант беру жоспарланған. 110 грант көпбалалы отбасыларға, 12 - аз қамтылған отбасыларға, 52 грантқа ерекше қажеттіліктері бар адамдар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға да 36 грант берілді.Өңір басшысы азаматтардың әл-ауқаты мен жайлы тұрмысын қамтамасыз ету биліктің тікелей міндеті, ал оған қол жеткізу қоғамның өмір сүру сапасына байланысты екенін атап өтті. Ол адал еңбегімен, мейірімділігімен қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына үлкен көмек көрсетіп, ұдайы қамқор болып жүретін әлеуметтік сала қызметкерлеріне жылы лебізін білдірді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкерлеріне ведомстволық медальдар, Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті.

«Еңбек ардагері» медалімен әлеуметтік қызмет саласының ардагері Галя Сабырбаева, Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Светлана Сысоева марапатталды;

«Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қамшат Баубекова, Риддер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Людмила Курочкина, ШҚО бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері Баян Анжикова, Мадина Малдыбаева және Қарақат Раисова марапатталды.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасы Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы Гүлнар Есқандыроваға, Шемонаиха ауданының бөлімше меңгерушісі Светлана Кириченкоға, Катонқарағай ауданының әлеуметтік қызметкері Манзия Асановаға, Өскемен өңірлік орталығының бөлім меңгерушісі Жанат Жауымбаеваға, ШҚО бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Наталья Литкеге, Күршім ауданының әлеуметтік қызметкері Гүлмира Ибраеваға, Тарбағатай ауданының әлеуметтік қызметкері Айман Аумажиковаға табысталды.

     Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алғыс хатымен Риддер қаласының жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік қызметкері Оксана Тарасова, «Зевакино» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы Айнұр Мұхамбетова марапатталды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен медбике Ольга Фурашова (Риддер), Зайсан ауданының әлеуметтік қызметкері Шынар Жақатаева, «Қазақстан саңыраулар қоғамы» облыстық филиалының төрағасы Елена Баус, Катонқарағай ауданының әлеуметтік қызметкері Алмагүл Бейсекенева, Тарбағатай ауданының әлеуметтік қызметкері Бейбіткөл Шонкенова, Өскемен қаласының әлеуметтік қызметкері Светлана Ларионова, Күршім ауданының әлеуметтік қызметкері Айгүл Тоғанбаева, Шемонаиха ауданының әлеуметтік қызметкері Елена Воронина, Самар әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аспазы Әлия Айтқазина, Зимовьев арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері Вера Блинова (Глубокое ауданы), «Зевакино» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының медбикесі Риза Қасенова (Шемонаиха ауданы), «Антарес - А» қоғамдық қорының директоры Виктор Дак, Өскемен қалалық балаларды оңалту орталығының маманы Әлия Дүйсенбинова, Самар ауданының әлеуметтік қызметкері Татьяна Коробейникова, «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігінің басшысы Мағиза Мирвазетдинова, Алтай ауданының бөлімше меңгерушісі Наталья Сапрыкина марапатталды.

Салтанатты рәсім мерекелік концертпен аяқталды.