
Республика күні Өскеменнің орталық алаңында Шығыс Қазақстан облысы әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаса, менің Қазақстаным!" атты концерт өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтары бір-бірлеріне ізгі тілектерін жеткізді. Бұл мерекенің еліміздің барлық азаматтарын біріктіріп отырғанын айтып, Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін білдірді.
"Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Баршамыз біріге отырып, туған еліміздің еңселі әрі қуатты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеміз", - дейді қала тұрғындары.
Тағы бір маңызды іс-шара "Қазақстан" тауына жаппай жүгіру болды. Бұл таудың биіктігі – 163 метр, ал жүгіру жолағының өзі – 1 шақырым.
Жарысқа кәсіби спортшылар да, әуесқойлар да, барлығы үш жүзден астам адам қатысты, оның ішінде Астана мен Семейден және облыстың аудан және қалаларынан келген қонақтар да бар. Ұжымдар мен отбасыларда қатысты.
Әйелдер арасындағы жарыста жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Кузьмина Ангелина.
2 орын – Переверзева Лариса.
3 орын – Завьялова Евгения.
Ерлер арасында жүлделі орын иеленгендер:
1 орын – Қасымов Аян.
2 орын – Сухоносов Федор.
3 орын – Кузнецов Данил.
Спортшылар өз жеңістерін елімізге арнады. Айтуларынша, олар ерекше қуанышқа кенеліп, кез келген биікті бағындыруға әзір екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеген.
Жеңімпаздарға медальдар мен спорттық рюкзактар табыс етілді. Ал жарыстың өзге қатысушыларына естелік медальдар берілді.