Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облысымыздың бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облысымыздың бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етілді

"Ертіс" концерт залында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев өз сөзінде 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация ел тәуелсіздігіне жол ашқанын атап өтті. Қазақстанның егемендігін жариялайтын аумақтық тұтастығы, азаматтығы, мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Республика күні Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттілігі мен достығының символы болып табылатын мерекеге айналды.
"Өткен жылы ел тарихында алғаш рет біз Негізгі Заңға – Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша дауыс бердік. Жаңа ережелерге сай түзетулердің нәтижесінде ел Парламентінің төменгі палатасына және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау өтті.
Дауыс беруге қатыса отырып, біз өз тағдырымыз бен еліміздің тағдыры үшін азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқан деңгейін көрсеттік.
Биыл Алтай және Глубокое аудандарының тұрғындары пилоттық жоба аясында өз аудандарының әкімдерін сайлауы керек. Кейіннен мұндай тәжірибе барлық жерде жүзеге асырылады.
Ел Конституциясымен жынысына, ұлтына және дініне қарамастан барлығына тең мүмкіндіктерге кепілдік берілген", – деді Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы Конституциялық заң деңгейінде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі, өкілеттіктері, еркіндігінің кепілдіктері алғаш рет бекітілгенін атап өтті. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық сот қызметіне кірісті, енді әрбір азамат осы органда өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғай алады.
Салтанатты жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан облысымыздың бірқатар тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыс етілді.
"Парасат" орденімен марапатталды:
Кузовлева Ольга Григорьевна – Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс сараптама тобының төрағасы, Өскемен қаласы;
Рахимова Рая Жанғалиқызы, Вита-1 компаниялар тобының жетекшісі;
Сайлаубаев Сейлжан, "Шығыс-Сүт" ЖШС бас директоры.
"Құрмет" орденімен марапатталды:
Бақытбек Қизатов, Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы;
Сакалбаев Әбілдабек, "Промтехмонтаж-Өскемен" ЖШС директоры;
Қасымханов Нұрлан, "Төретоғам" ЖШС директоры, Күршім ауданы;
ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталды:
Әбдірахманов Әсет, "Адал" шаруа қожалығының механизаторы, Самар ауданы;
Ғайсин Ауданбек, "СМУ ШЫҒЫС" ЖШС жүргізушісі, Зайсан ауданы;
Исаков Александр, "Выдрихинское" ЖШС тракторшы-машинисі, Шемонаиха ауданы;
Намазбаев Біржан, Үлбі металлургия зауытының 7-разрядты аппаратшысы;
Распопов Олег, "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлік қоғамының балқытушысы.
"Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағы иегерлерінің қатары да толықтырылды. Олар:
Ағзамов Мұхамедолла, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, армрестлинг пен гір спортынан Азия және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы;
Гейгер Элла, Алтай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Есдәулет Ұлықбек, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Хмелев Александр,"Казцинктің" бас директоры;
Төлеубаев Әбдеш, тарих ғылымдарының докторы (қайтыс болғаннан кейін).