Республика күні қарсаңында Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен "Family Island 2" балабақшасының ашылуы өтті

Республика күні қарсаңында Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен "Family Island 2" балабақшасының ашылуы өтті

Республика күні қарсаңында Өскеменде ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың қатысуымен "Family Island 2" балабақшасының ашылуы өтті.
Мемлекеттік тілде оқытатын балабақша Өскеменнің жаңа "Park City" шағын ауданында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде салынды. Балабақша 150 орынға арналған, мұнда 2 жастан 5 жасқа дейінгі алты топ бар. Сонымен қатар 20-ға жуық білікті маман жұмыс істейді.
Балалар үшін толыққанды тамақтану, түрлі дамыту үйірмелері қарастырылған.
- Заманауи үлгідегі балабақша "Нұрлы жол" саябағының маңында құрылысы қарқынды дамып келе жатқан шағын ауданда орналасқан. Яғни, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне деген сұраныс та жоғары. Сондықтан біздің жоспарымызда осындай жаңа ғимараттар орналасқан аудандарда жаңа балабақшалар салу", - деді Ермек Көшербаев балалардың ата-аналарымен әңгіме барысында.
Балабақша кең әрі жарық, озық үлгідегі жиһаздармен жабдықталған, сапалы ойын алаңы бар. Бір сөзбен, балалар мен ата-аналары үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Сондай-ақ, мұнда көп балалы отбасылардан шыққан балалар тегін қабылданады, ал халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін тиімді жеңілдіктер қарастырылған. Балаларды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.