Вера Сухорукова ұзақ жылдар бойы облыста түрлі лауазымдарда абыройлы қызмет атқарды. Атап айтқанда, өңір әкімінің орынбасары, 1999- 2003 жылдар аралығында Өскемен қаласының әкімі болды. Жиналғандар Вера Николаевнаны тәжірибелі басқарушы, Өскемен қаласының дамуына барынша үлес қосқан және жан жылуы ерекше адам ретінде еске алды.
Вера Сухарукова техникалық университеттің түлегі, сондықтан университет ұжымы бұл идеяны сөзсіз қолдады. Оған біздің кәсіпкерлер, ірі компаниялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де ат салысты. Айта кету керек, кабинеттің жобасын Вера Сухорукованың жақын досы әрі серіктесі "Өскемен іскер әйелдер қауымдастығы" ҚБ төрағасы Татьяна Цветкова әзірледі.
Өңір басшысы университет студенттерімен кездесіп, оларды Республика күнімен құттықтады.