Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ханчжоу қаласындағы (Қытай) XIX жазғы Азия ойындарының жүлдегер спортшыларын қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Ханчжоу қаласындағы (Қытай) XIX жазғы Азия ойындарының жүлдегер спортшыларын қабылдады

Облыс спортшылары барлығы 9 медальға ие болды, олардың үшеуі – күміс және алтауы – қола медаль.
Маргарита Торлопова байдарка мен каноэде есуден күміс жүлдегер атанды. Семсерлесуден күміс медальді Руслан Курбанов жеңіп алды. Анастасия Ананьевада есу слаломы бойынша Азиаданың тағы бір «күмісі» бар.
Ал жеңіл атлеттер Надежда Дубовицкая, Ефим Тарасов пен Кипкируи Каролин Чепкоеч, балуан Азамат Дәулетбеков, ескекшілер Екатерина Таранцева мен Александр Куликов Азиаданың қола жүлдегерлері атанды.
Облыс әкімі жерлес спортшыларымыздың жетістіктерін жоғары бағалап, даму үшін әлеуеттің әлі де мол екенін атап өтті.
«Сіздердің отаншылдық рухтарыңыз бен жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз жастарды спортпен айналысуға шабыттандырады. Біздің семсерлесушілер отандық спорт тарихына еніп отыр, оларға дейін семсерлесуде ешкім мұндай табыстарға қол жеткізе алмаған. Біздің аймақ жоғары деңгейдегі спортшыларды дайындай алады. Біз сіздердің қажырлы еңбектеріңізді бағалаймыз, әрқайсыңыздың артыңызда жанкүйерлер тұр, бүкіл ел тұр. Сіздер жаңа чемпиондық межелерді бағындыру үшін біз өз тарапымыздан спорт саласын алдағы уақытта да қолдай беретін боламыз, – деді Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы ШҚО командасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында лайықты өнер көрсетуі үшін ұлттық спорт түрлерін қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде спортшыларды жаттықтырушы бапкерлер – Анатолий мен Татьяна Подкортовтардың, Игорь Грязновтың, Марат Мұзапаровтың еңбектері де аталып өтілді. Оларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.