ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ (17.05.2020 ж)

ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ (17.05.2020 ж)

Семейде коронавирус инфекциясын тағы 1 адам жұқтырды.
1983 жылғы әйел адам ЖРВИ белгісімен медициналық мекемеге жатқызылған. Алынған зертханалық талдаулар коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсетті.
Науқас инфекциялық стационарға орналастырылды.
Эпиданамнез бойынша облыстан тыс жерлерге, шет елдерге шықпаған.
Байланыста болған адамдар анықталуда және оларды емдеуге жатқызу, талдау алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
17.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста COVID-2019 коронавирус инфекциясын жұқтырған 58 адам тіркелген.