
Оқу-жаттығу барысында терроризимге осал объектілерге терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Күршім ауданының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Осыған дейін мұндай жаттығулар Риддер қаласында, Алтай ауданында және Зайсан ауданында өткізілгенін атап өткен жөн.
Шығыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.