ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ (16.05.2020 ж)

ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ (16.05.2020 ж)

Шығыс Қазақстан коронавирусты жұқтырған тағы 1 адам анықталды.
Ол 1972 жылғы Семей қаласының тұрғыны. Ер адам бұған дейін коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған азаматтар тобына кірген.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалында ПТР әдісімен өткізілген сараптама коронавирус инфекциясының оң нәтижесін көрсетті.
Қазіргі уақытта науқас оқшауланып, ем алуда.
Онымен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
16.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 57 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 21.