Облыс басшысы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты

Облыс басшысы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қатысты

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына қатыстым. Жалпы, депутаттық корпустың белсенділігін атап өткім келеді, халық қалаулылары сайлаушылармен үнемі кездесіп, проблемалары туралы біліп, тиісті жауапты органдарға жеткізіп отырады. Тек соңғы уақыттың өзінде халық қалаулары 269 түрлі мәселе көтерген болатын. Энергетика саласының депутаттары Риддер ЖЭО жөндеуге жұмыстарына шығып, жылу орталығын қалпына келтіруге көмек көрсетті. Сессияда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының іске асырылуы жайында, сондай-ақ өңіріміздегі барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен ұйымдарды, әлеуметтік объектілерді, жалпы тұрғын үй қорын жаңа жылыту маусымына дайындығы туралы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, депутаттар Серебрянск қазандығындағы қазандықты жөндеу қажеттілігін алға тартты, бұған қаражат бөлінген. Сондай-ақ, Алтай қаласындағы қазандықта қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізілуі қаржыландырылды. Сессия барысында депутаттар мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде оқудан кейін адамдарды жұмысқа орналастыру, егінді кептіру үшін қосымша дизель отынын бөлу қажеттілігі мәселелерін көтерді.