
Семейде коронавирусты жұқтырған тағы 1 адам анықталды.
1973 жылы туған әйел адамнан ЖРВИ белгілері бар мониторинг жүргізу кезінде COVID-19 анықталды.
Қазіргі уақытта пациент оқшауланған және бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.⠀
14.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 56 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 20.