
Еліміздің барлық Ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Бұл күннің, яғни 5 қазанда - Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арнайы орайластырылып бекітілуі өте орынды. Ұстаз - тағылымы терең, ғылымға жетелейтін құрметті тұлға. Білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге бағдар беріп, рухани болмысты байытатын мұғалімдерімізге ризашылығымыз зор. Мемлекет тарапынан да оларға үлкен қолдау көрсетілуде. Өйткені ұстаздар жарқын болашақтың тізгінін ұстап, ұрпақ тәрбиесіне барынша жауапты. Жоғары кәсіп иелерін Ұстаздар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби табыс пен зейінді шәкірт тілеймін!