Облыстық үшжақты комиссияның отырысы

Облыстық үшжақты комиссияның отырысы

2023 жылғы 3 қазанда «Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы» АҚБ-ның төрағасы Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлының төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа үшжақты комиссияның мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты.
«Облыстық кәсіпорындардағы жалақы және зейнетақы жарналары бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданған шаралар туралы» («Кемонт» АҚ, «ШығысСтройГрупп» ЖШС, «Востокшахтострой» АҚ) Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Тоқтасынова Ғалия Құрманбекқызы баяндама жасады.
2023 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық «Парыз» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Мусинова Альмира Әскерханқызы, Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының тау-кен металлургия саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Ергазинов Қуаныш Самарханұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлиев Данияр Балтабайұлы баяндады.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.