
Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырған тағы 3 адам анықталды
Науқастардың барлысы Семей қаласының тұрғындары болып табылады.
Семей қаласының тұрғындары 1953, 1973 жылы туған әйел адамдардан ЖРВИ белгілері бар мониторинг жүргізу кезінде COVID-19 анықталды.
Қауіпті инфекция үшінші 1997 жылы туған науқастан жүктілік бойынша мониторинг жүргізу кезінде анықталған.
Қазіргі уақытта пациенттер оқшауланған және бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
14.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 55 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 15.