ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ (13.05.2020 ж)

ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ  (13.05.2020 ж)

Шығыс Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырған тағы 1 адам анықталды.

Семей қаласының тұрғыны 1973 жылы туған әйел адамнан ЖРВИ тексеру кезінде COVID-19 анықталды.

Қазіргі уақытта пациент оқшауланған және бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

13.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 52 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны – 15.