
Еңбек күніне орайластырылған "Еңбек жолы" байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатыстым. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен мереке өз ісінің майталмандарын құрметтеуге арналған. Шығыс Қазақстан-нағыз адал, лайықты және еңбекқор адамдардың мекені, бізде көптеген еңбек әулеттері бар. Адамның белсенді ынта-жігерінсіз өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта және кез-келген салаларда нәтиже болмай, жоғары көрсеткішке қол жеткізу мүмкін емес. Мен үш номинация бойынша жеңімпаздарға марапаттар тапсырдым. "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері атағына Адлет Төстіков, "Өндірістің үздік жас қызметкері " номинациясына Дарын Шағынов ие болды. Ал "Үздік еңбек әулеті" атағы жалпы еңбек өтілі 180 жылдан асатын Аушиновтар отбасына берілді. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқандарды "Еңбек ардагері" және "Қазақстанның еңбек Ері" медальдарымен облыс әкімі марапаттады.