Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде болдым. Атап айтсақ, білім ордасында 24 қазан күні "Лу Бан шеберханасы" ашылады. Бұл оқыту платформасын, зертханалар кешенін құруды көздейтін ҚХР-мен бірлескен ортақ жоба. Шеберхана автокөлік саласындағы құзыреттіліктің тағы бір орталығына айналады. Университетте өндірістік база дайын, ал қытайлық әріптестер қажетті жабдықтарды жеткізеді. Шеберханада теориялық және тәжірибелік процесс біріктіріліп, электр- гибридті автомобильдер, автожол қозғалысы саласындағы цифрлық технологиялар зерттелетін болады. Сондықтан шеберханада менеджмент саласы озық болуы өте маңызды, ол біздің автозауыттармен және дилерлік орталықтармен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Бүгінде әлемде электр қозғалтқыштары бар көліктерді таңдайтындар саны артып келеді, өйткені бұл үнемді және экологиялық таза. Ал " Лу Бан шеберханасы" аталмыш заманауи талаптарға толығымен жауап беретіні өте маңызды.