
Бүгін қаланың тағы үш тұрғынында ПТР әдісімен өткізілген тестілеу нәтижелері коронавирус инфекциясын растады.
1971, 1978 және 1961 жылы туған ер азаматтар 38-інші және 42-нші жағдай бойынша бұрын ауырған науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар.
Қазіргі уақытта алдын ала 3 ошақ анықталды. Эпидемиологиялық зерттеу және оқшаулау жұмыстары жалғасуда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша коронавирустың расталған 51 жағдайы тіркелген. 3 сырттан әкелінген, 48 жергілікті, оның ішінде 1 адам аталмыш вирустан көз жұмды.
Аумақтық бөлу бойынша Өскемен қаласында 7, Семейде 41, Абай, Глубокое және Тарбағатай аудандарында 1 жағдайдан тіркелген.
Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,7% құрады.