
Семейде COVID-19 вирусын жұқтырудың тағы 5 жағдайы тіркелді. Ауырғандардың ішінде екі оқушы тіркелген. Атап айтқанда, 2011 жылы туған ұл мен 2010 жылғы қыз бала.
Сондай-ақ, 1978, 1968 жылғы ер азаматтар мен 1995 жылы дүниеге келген жас жігіт бар.
Бес оқиғаның бәрі бұған дейін ауруханаға түскен науқастармен жақын байланыста болғандар тобына жатады.
Қазіргі кездегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының 48 жағдайы тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.