
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кезінде өзекті мәселелер талқыға түсіп, оңтайлы шешу жолдарын қарастырдық. Сонымен, Первомайский ауылын сумен жабдықтау мәселесі бүгінде өте өткір. Құрылыс барысы ұзаққа созылып, елді мекендегі су құбыры да әбден тозған. Аудандармен танысу барысында ауыл тұрғындары бұл мәселеге ерекше мән беруді өтінген болатын. Енді күз-қыз мезгілінде ауыл тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында басталған жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында. Первомайский ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жоба әзірленді. Оның құны 200 миллионнан асады. Қаражаттың басым бөлігі республикалық бюджеттен бөлінеді. Бірақ қазірдің өзінде облыстық бюджеттен күзгі кезеңде орындалатын жұмыстардың бір бөлігін қаржыландырамыз - бұл ұңғымаларды бұрғылау және сорғыларды сатып алу. Өйткені келесі жылы барлық жұмыстар аяқталып, ауылды сумен жабдықтау мәселесі шешілу қажет. Тағы бір маңызды мәселе-облыс орталығының көпқабатты үйлеріндегі лифттерді жөндеу және ауыстыру. Бір лифтті ауыстыру 18 миллион теңгені құрайды. Тұрғындар айтқандай, бұл сома көпшілік үшін өте ауыр. Мен қала әкімдігіне осы мәселені зерделеп, лифт жабдықтарын жаңғырту жобасын ұсынуды тапсырдым. Құжатта тұрғындардың, лифтілерге қызмет көрсететін кәсіпорындардың және қала әкімдігінің қаржылық міндеттемелері жазылады