ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес Семейде комиссия жұмысын жалғастыруда

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасына сәйкес Семейде комиссия жұмысын жалғастыруда

Жағдайды мониторингтау үшін 3 адамнан тұратын 17 мобильді топ құрылды. Қазіргі уақытта жағдай келесі нәтижелерді көрсетіп отыр.
Рейд барысында «Жансая» базары, сондай-ақ көше саудасы қызып тұрған Чехов көшесі тексерілді. Бүгінде 192 нысан (мониторинг басында олар 473) тұрақты бақылауға алынды. Оларға: 25 шаштараз, 4 базар және 116 басқа да азық-түлік сатпайтын нысандар. Олардың ішінде 68 мекеме тәртіп шараларын бұзған, тексеру барысында қателіктер қалпына келтірілді.
Бұдан бөлек, бір тәулікте 2651 автокөлік тексерілген. Оның 148-інде арнайы рұқсаттамалары болмаған. 614 жаяу жүргінші рұқсат етілмеген күні үйден шыққан. 4 адамның карантин режимін бұзғаны белгілі болды. Жалпы 186 рұқсаттама тәркіленді.
Сауда нысандарына, мекемелерге, жұмыс орындарына, адамдар шоғырланған жерлерге барғанда маска режимін сақтау қажеттігін естеріңізге саламыз. Елді мекен ішінде қажет болмаса қатынамаған жөн. Рұқсаттама режимін сақтау қажет. Отбасылық жиындар өткізбеңіздер.