
2020 жылғы 7 мамыр Семей қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М. А. Исмаилов, құжаттарды қарастырып:
облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның ағымдағы эпидемиологиялық жағдайын;
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы № 35 қаулысының 10-қосымшасы, 3-тармағы, 5-тармақшасының негізінде;
анықтады: Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының ықтимал қаупінің болуы,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Облыс әкімдігі, полиция мен денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп:
Төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі аймақтық штабпен келісе отырып, жергілікті атқарушы органдар Шығыс Қазақстан облысына/н шығуға және кіруге рұқсат беру үшін түлғалар мен көлік құралдарының жекелеген санаттарын анықтайды.
Келушілер сауалнамы қағазға немесе мобильді қосымша арқылы толтыруы қажет. Сауалнаманы толтырудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке тартуға немесе кіруден бас тартуға негіз болып табылады.
Бақылау-өткізу бекеттеріндегі медициналық қызметкер қағаз сауалнамадағы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-қосымшасына (бұдан әрі - веб-қосымша) 2 сағаттың ішінде енгізеді.
Мобильді құрылғылар арқылы сауалнаманы толтырып болғаннан кейін, келген адамдар медициналық қызметкерге сауалнаманың сәтті аяқталғаны туралы мобильді құрылғыдағы жазбаны ұсынады.
Медициналық қызметкер келген адамның сауалнаманы электронды форматта толтырғанына және жібергеніне көз жеткізуі қажет. Сауалнаманы толтырғаннан кейін мәліметтер автоматты түрде веб-қосымшасына жүктеледі.
М. О. Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің орынбасары __________М. Исмаилов
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Қаулыны алды _____________________________________________________
__________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)