08.05.2020 жылғы сағат 18.15-ке арналған ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

08.05.2020 жылғы сағат 18.15-ке арналған ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

Семейде коронавирус инфекциясы тағы бір азаматта тіркелді.
1996 жылғы науқас COVID-19 вирусын 1963 жылы туған ер адамнан жұқтырған.
Жас жігіт бұған дейін жақын байланыста болған адамдар тобына кіріп, оқшауланған болатын. Алгоритмге сәйкес өткізілген ПТР тестілеу оң нәтиже көрсетті.
Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта, инфекциялық бөлімге ауыстырылды.
Науқаспен байланыста болған азаматтар анықталу үстінде. Белгілі болғандары, деңгейіне қарай оқшауланып, биологиялық сынамалары зертханалық талдауға жіберіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта 33 коронавирус жағдайы тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген.