
2023 жылдың 6 қыркүйегінде 2023-2024 оқу жылына арналған құықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметкерлерге арналған «Жалпыға бірдей декларациялау. Декларациялау кезеңдері. 250.00 нысанындағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны және 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру» атты семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: Жалпыға бірдей декларациялау туралы заңнамада белгіленген талаптарды түсіндіру. Шарада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00 формасы) мен кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 формасы) арасындағы ерекшеліктері, сонымен қатар, заңнамада көзделген жауапкершілік туралы баяндама жасалды. Семинар барысында қатысушылар барлық сұрақтарға толық жауап алды.