Бүгін "Мықты өңірлер - мықты ел. Азаматтық сектор - адамдардың мүддесі үшін" азаматтық форумына қатыстым. Біздің өңірде мықты үкіметтік емес ұйымдар көп, сондықтан форум бизнес, мемлекет және халық арасындағы үшжақты диалог үшін жақсы алаң болды. Қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен 389 жоба жүзеге асырылуда, әлі де біз қолдайтын тамаша идеялар бар. Азаматтық қоғаммен ашық, сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өткім келеді. ҮЕҰ - ға келетін болсақ, оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені үкіметтік емес ұйымдардың міндеті - оқыту және түсіндіру. Айта кетейік, біз еліміздегі жергілікті өзін - өзі басқару комитеттері тиімді жұмыс істейтін жалғыз өңірміз. Алдағы уақытта аудан әкімдерінің сайлауы өтеді, сондықтан бұл барлық тараптар үшін өзара іс-қимылдың ең тиімді форматы болмақ. Форумда сұрақтар мен тілектер айтылып, азаматтық сектордың өзекті мәселелері көтерілді.