"Жасыл" энергетика және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану-біздің болашағымыз. Дәл осы тақырыптар бүгін "Қазақстанның ядролық қоғамының" 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелге өзек болды. Іс-шараға Ұлттық ядролық орталықтың мамандары, Ресей Федерациясы мен алыс шетелден келген мамандар қатысты. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бейбіт атом мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға баса назар аударғанын атап өткім келеді. Дөңгелек үстел барысында саланы дамытудың маңызды мәселелері, атап айтқанда, білікті кадрларды даярлау барысы талқыланды. Менің ойымша, біздің аймақта бұл үшін барлығы бар, ең бастысы, теорияны практикамен байланыстыру мүмкіндігі де қарастырылған. Ал облыстың ірі өндірістері атом энергиясын қауіпсіз пайдалануға сенімді қадамдар жасайды. Шығыс Қазақстан ядролық физиканы дамыту орталықтарының біріне айналатынына сенімдімін.