
Енді қазақстандықтар eGov.kz «Электроннық үкімет» порталында туу, неке қию және ажырасу туралы актілерге өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш бере алады. Жаңа қызмет жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде құжаттарға жоспарлы өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін, және әкесінің атын өзгерту.
«Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгзу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздемелерді көрсетіп, растайтын құжаттарды қосып өтінім беруге болады.
Қандай жағдайларда құжаттарға өзгерістер енгізуге болады:
(Толық тізіммен Ережеде (2015 жылғы АХАТ Ережесінің 167 бабы және ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі) танысуға болады
Аталмыш қызмет Электрондық үкімет порталының «Азаматтарға» - «Отбасы» бөлімінен табуға болады.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін:
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталының мәртебе парағында және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алу қажет.
Айта кетейік, бұл жаңартулар ҚР Президенті бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығы аясында жүзеге асырылды, оның негізгі мәні цифрлық трансформация және мемлекеттік басқарудың барлық салаларының жүйелі реинжиниринг болып табылады.
Аталмыш қызмет ҚР Әділет министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер Комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерінің интеграциясы арқасында қолжетімді болды.