04.05.2020 жылғы ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

04.05.2020 жылғы ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ

Семейде тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.
1972 жылғы азамат осы қалада бір отбасында тіркелген соңғы үш жағдай бойынша байланыста болған адамдар тобына кірген.
Зертханалық талдау нәтижелері науқаста COVID-19 вирусының бар екенін растады. Қазіргі таңда ол инфекциялық стационарға ауыстырылды. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілді.
4 мамырдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясының 30 жағдайы тіркелді. Оның үшеуі сырттан әкелінген.