Риддер жылу электр орталығына барып, жұмыс барысымен таныстым. Қазір мұнда үш ауысымда 450 адам жұмыс істеуде. Электр қозғалтқыштарын, бекіту арматураларын, мазут, Багер және сорғы станцияларын ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық жұмыстың жартысы аяқталды, алты қазандық пен қосалқы жабдық жөндеу үстінде. Технологияға сәйкес, орташа қысымды үш қазандық шамамен 20 қыркүйекте, содан кейін кесте бойынша қарашаның ортасында жоғары қысымды қазандықтар іске қлсылады. ЖЭО жөндеу бойынша барлық мәселелер дереу жергілікті жерде шешілуде. Менің орынбасарым Бақытжан Байахметов тұрақты түрде жұмыс барысын қадағалауда. Сонымен қатар, жылыту маусымының басында күл үйіндісі дайындалып, көмір беру трактісі жөнделді. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп, менің тұрақты бақылауымда.