
Семейде COVID-19 фактісі артты. Бүгін коронавирус инфекциясы тағы 2 тұрғында анықталып отыр. Атап айтқанда, 1972 жылғы ер адам мен 1943 жылы туған әйел адам. Олардың барлығы 1952 жылғы зейнеткерден вирус жұқтырған, 1 мамырда диагнозы расталған науқастармен жақын байланыста болған адамдар. Осы санат негізінде тексеруден өткен.
Алгоритмге сәйкес, пациенттер инфекциялық стационарға оқшауланған. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта.
Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Айта кету керек, қазіргі уақытта облыс бойынша 25 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген.
Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындарын карантиндік тәртіптің барлық шектеулерін қатаң сақтауды сұраймыз!